Қызметтері


Біз барлық қызметтер ауқымын ұсынамыз: маталарды өлшеу, таңдау, перделердің дизайн-жобасын құру, карниздерді монтаждау, матадан бұйымдар тігу. Залға, асүйге, балалар бөлмесіне, ұйықтайтын бөлмеге, кабинетке, қонақ бөлмеге, жуынатын бөлмеге арналған перделерді тігеміз.

Бізде маталар мен карниздердің ассортименті үлкен, бұл клиенттерге ұзақ жеткізілімді күтпеуге мүмкіндік береді, ал өлшеуден бастап дайын бұйымға дейінгі терезелер әшекейлері бар болғаны бірнеше күнге ғана созылады.

Біздің перделеріміз интерьеріңіздің маңызды бөлігі бола отырып, сіздің үйіңізде керемет көңіл-күй қалыптастырады.

«Евротекстиль» перделер салондарының желісі мына қызмет түрлерін толығымен ұсынады:

«Евротекстиль» компанииясының мамандары түрлері мен күрделілігі кез-келген перделердің дизайнын жасайды және тігеді: сіздің қалауыңызға қарай классикалық, ламбрекендермен, француздық, австриялық, римдік, жапондық, люверстерімен, ролл перделер, жіптерден жасалған перделер, моншақтардан жасалған перделер.

Біздегі Еуропаның, Түркияның, Араб Әмірліктерінің және басқа әлемге әйгілі өндірушілердің «JAB», «Albert Guegain», «Christian Fishbacher», «Clerion», «Casalegno Tendaggi», «ERRE ERRE», «Aznar Textile», «Gerster», «Dateks», «Vallini» ,«Rasсh Textil», «York», «MYB Textiles» сияқты үздік тоқыма фабрикаларының сатылымдағы маталарының ассортименті ауқымды және тапсырыс беруге болады. Компания қоймасында эконом класты маталардың өлшеусіз үлкен метраждары бар. Маталар топтамалары Милан, Париж, Франкфурт, Стамбул тоқыма көрмелеріндегі жаңа маталармен ұдайы толықтырылып тұрады.

«Gifer», «Altran», «Mandelli», «Interstil», «Guzzi» сияқты еуропалық өндірушілердің ағаштан жасалған және қапталған сәндік карниздері сатылымда да, тапсырысқа да бар.

Қоймада «Mottura», «Silent Gliss», «Perway», «Tumray» компанияларының пластиктен жасалған және металл профильді карниздерінің мол таңдалымы бар. «Silent Gliss» компаниясының карниздері кез-келген күрделі архитектуралық пішінге икемделіп майысады. Тәжірибелі және білікті мамандар карниздердің кәсіби түрде орнатылуын қамтамасыз етеді, перделерді іліп те береді.

«Евротекстиль» компаниясы электрожетекті жүйелердің таңдалымына бай: «Mottura», «Silent Gliss» компанияларының профильді карниздері; «Perway», «Somfy», «Isotra», «Lupo» компанияларының ролл перделері мен жалюздері. Классикалық, жапондық римдік перделер, «ақылды үй» жүйесіне қосылу мүмкіндігі бар электрожетекті маркиздер. Біздің компания электрожетекті жүйелерге кепілдік береді.

Перделер мен карниздерге арналған аксессуарлар сіздің интерьеріңізді толықтырады және оған толыққанды түр береді. Түрлі ілгешектер, кронштейндер, магниттер, шашақтар, баулар, шашақтар және еуропалық және түріктің: «Gerster», «JAB», «Gifer», «Mandelli», «Scaglioni», «Dateks», «Guzzi», «Ozesh», «Magestik» өндірушілерінен көптеген басқа да бұйымдар сатуда бар және тапсырыс беруге болады.

«Евротекстиль» компаниясының дипломы бар мамандары сіз үшін эксклюзивті жамылғылар, жастықтар, балдахиндер, дастархандар, абажурлар сияқты перделер мен интерьер элементтерін таңдаудан бастап, орындықтарға, креслоларға, арналған тыстарды тігуден, жиһаз бен қабырғаларды бедерлі маталармен тарттыруға дейінгі кешенді тоқыма дизайнын «мықтап тұрып» қалыптастырады.

Күрделілігі мен өлшемдері әр түрлі опера және театр сахналарын дайындау. Шымылдықтар мен декорацияларға арналған портьерлер мен күшейтілген карниздердің мол таңдалымы бар және тапсырыс беруге болады. Ауыр салмақты портьерлер үшін электрожетекті жүйелерді орнату. Өлшемі кез-келген сахна декорациясына арналған аппликацияларды дайындау, түрлі суреттерді, таңбаларды, өрнектерді, символдарды кестелеу.

«Евротекстиль» компаниясы мамандардың каталогтар мен үлгілерді алып үйлерге шығып қайтуын қамтамасыз етеді. Тәжірибелі дизайнер сізге анағұрлым қолайлы келетін маталарды, карниздер мен сіздің интерьеріңізге үйлесімді және оны толықтырып тұратын аксессуарларды таңдауға көмектеседі. Дизайнер қызметтері, өлшемдер мен тапсырыс берудегі орналастырулар тегін ұсынылады! Алыстағы нысандарға іссапарлар болуы мүмкін.

Біздің компания қолдан жасалған сәнді аксессуарлардың көлемді топтамасын ұсынады. Қазақстанда оған ұқсас жерлері жоқ көркемөнер студиясы эксклюзивті абажурларды, сәнді жастықтарды, алуан түрлі бауларды, икебаналарды, жастықтар мен жамылғылардың ерекше кестелерін, түрлі өлшемдегі перделер мен ламбрекендерге кестелер мен күрделі аппликацияларды дайындайды.

Қонақ үйлер мен мейрамханаларды жабдықтауға арналған тоқыма бұйымдарды компания тапсырыс бойынша көтерме бағамен ұсынады: көрпелер, жастықтар, сүлгілер, халаттар, тәпішкелер, дастархандар, сүрткілер және басқа да тауарлар. Цех қызметкерлері санының көптігі арқасында көтерме сатып алушылар үшін компания өнімнің көп көлемін келісілген мерзімде оңай дайындап бере алады.

Біздің компания кәсіби кестелеу машинасының көмегімен матаның үстіне кез-келген суретті, өрнекті, күрделілігі мен өлшемдері әр түрлі логотиптерді кестелеуді ұсынады. Сіздің перделер жиынтығыңыз немесе кез-келген басқа тоқыма бұйымдарыңыз өзіндік ерекшелікті иеленеді және қызғылықты болады.