Өндіру


«Евротекстиль» компаниясының үнемі арнайы тігін машиналарымен жаңартылып тұратын өзінің тігін өндірісі бар. Бұл немістің «PFAFF» фирмасының, сондай-ақ жапондық «JUKI» және «BROTHER» фирмаларының өндіргіштігі жоғары, жылдам, көз ілеспейтін машиналары.

Бұл машиналар, автоматты бекіткішін, табан көтергішін және жіптерді кесуін қоса, бағдарламалық басқарумен жабдықталған.

Бұйымның тігілу сапасы тек жаңа жабдықтарға ғана емес, біліктілігі жоғары мамандарға да байланысты. Тігіншінің шебер қолдары дизайнердің идеяларын өнер туындысына айналдырады. Пішушілердің, үтіктеушілердің және сапасын тексеру бөлімдері мамандарының шеберлігі мен ептілігі жоғары сапалы өнімді дәл уақытында өндіріп шығаруға мүмкіндік береді. 

Цехта американдық «Gammill quilting machine Co» фирмасының көлемді жамылғыларды, көрпелерді, тыстарды сырып тігетін, зигзаг тәрізді сәнді тігіс салатын жылдамдығы жоғары арнайы машиналары бар. Бұл машинаның көмегімен ұзындығы кез-келген және ені төрт метрге дейінгі стандартты емес бұйымдарды дайындауға болады. «Gammill» компаниясында оқып-үйренген сырып тігу машинасының операторы сапалы өнімді кез-келген көлемде және қысқа мерзім ішінде дайындай алады.

Түріктің «Malkan» фирмасының компрессоры бар өнеркәсіптік үтіктеу үстелдері кез-келген, тіпті өте жұқа маталар үшін сапалы, қауіпсіз үтіктеуді қамтамасыз етеді. Ұқыпты және озат шебер бір кезекте 400 метрге дейінгі матаны үтіктеп шығады.

Ылғал-жылумен өңдеу жоғары қысым мен температурада арнайы престе жүргізіледі, маталардың берік және ұзақ мерзімге біріктірілуін қамтамасыз етеді.

Немістің «ZSK» компаниясының кәсіби тігін машинасы матаға немесе дайын бұйымға күрделілігі кез-келген тігіс жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл машинаның берілген бағдарламамен басқарылатын сегіз түрлі өндіру режимдері кестелерді қысқа мерзім ішінде көптеп салуға мүмкіндік береді. Жоғары технологиялық «Gutermann», «Gunold», «Empiriler» жіптері суреттің сапасын, түсінің тереңдігін қамтамасыз етеді, кестелеу кезінде үзілу ықтималдығын азайтады.

Өндірістік цехта «JQ Laser» компаниясының матаны пішуге арналған лазерлік үстел пайдаланылады. Оның көмегімен пішушілер бұйымның күрделі элементтерін миллиметріне дейін дәл піше алады. Бұдан өзге, лазерлік үстел бағдарламасында былғары мен басқа тығыз материалдарға бедер салу функциясы да бар. Лазерлік үстел өлшемі 1300х2500 мм матаны өңдеуге мүмкіндік береді. Компанияда лазерлік жабдықтармен жұмыс жасауды үйренген мамандар жұмыс жасайды.