Компания туралы


«Евротекстиль» компаниясы Қазақстанда перделер портьералар, тюльдер нарығында 1995 жылдан бастап жұмыс істейді. Біз Алматы, Астана және Атырау қалаларындағы сегіз мамандандырылған перде салондарының иесіміз. Біздің Қостанай, Тараз, Ақтау қалаларында өз өкілдеріміз бар.
«Евротекстиль» «PFAFF» неміс фирмасы және «Brother» жапон фирмасы мамандандырылған тігін машиналарымен үнемі заманға сай болып және жаңаланып тұратын өз тігін өндірісіне ие.

Франкфурт, Милан, Стамбул қалаларындағы халықаралық тоқыма көрмелеріне қатысу бізге тоқыма саласының соңғы жаңалықтарына хабардар беруге мүмкіндік береді. «Евротекстиль» төмендегі атақты фирмалар өнімінің эксклюзивті жеткізушісі болып табылады: «JAB», «Albert Guegain», «Christian Fishbacher», «Clerion», «Casalegno Tendaggi», «ERRE ERRE», «Aznar Textile», «Gerster», «Dateks», «Home Art», «Vallini», «Interstil», «Mottura», «Mandelli», «Gifer», «Silent Gliss», «Perway», «Guzzi», «Ozesh», «Magestik» және тағы да басқа әлемге әйгілі өндірушілер.

Біз портьералық және қаптама маталардың, тюльдердің, керек-жарақтардың, карниздердің кең сұрыптамасын, қонақүй кәсібін шәркелер мен халаттардан бастап төсек-орын жабдығы мен матрацтарға дейін бүкіл Қазақстанға және оның сыртына жеткізуді қамтамасыз етуді ұсынамыз.

Біздің қызметімізде ең бастысы бұйымдарды өз клиенттеріміздің жеке тапсырыстары бойынша өндіру болып табылады. Біз матада заманауи дизайнға арналған кез-келген қиялды жасай аламыз.

Біздің перделерімізді, жапқыштарымызды, дастархандарымызды, карниздерімізді және тағы басқа тоқыма бұйымдарымызды тек қана жекеменшік пәтерлер мен қала сыртындағы үйлерде емес, сонымен қатар қонақүйлерде, мейрамханаларда, клубтарда, театрларда, ойынханаларда, сондай-ақ банктерде, компаниялардың кеңселерінде, мемлекеттік мекемелерде және басқа қоғамдық жерлерде көруге болады.

Үйді сәнді маталармен өзгерту және әшекейлеу идеясы жаңа емес шығар, дегенмен де өзіңіздің қолыңызда бар маталарды дұрыс пайдаланып, шабыттану оңай емес, міне біз сізге осы істе көмектесеміз. Біз сізге қабырғаны қолыңызға түскен матаны ілуге кеңес бермейміз, алайда егер сізде шындығында да бағалы мата болса, бұл тамаша идея болуы мүмкін. Коллекция жинаумен түбегейлі айналысатындар сирек кездесетін тоқымаға өнер туындысы ретінде қарайды және оған өзі лайықты болатындай ерекше орын береді. Адам қолымен жасалған кез-келген матада белгілі бір тартымдылық бар.

Сіздің арманыңызды мінсіз интерьерге айналдыру - «Евротекстиль» компаниясының міндеті және оның қызметкерлерінің стилі. Дизайнерлер тоқыманың арқасында бөлме шынымен де жайлы болады деп есептейді. Терезені рәсімдеу –ерекше өнер. Әрбір жеке жағдайда, жайдың түріне байланысты сәнделген терезе интерьер стиліне сай келіп, оған үйлесіп тұруы қажет. Бастысы матаның өзі, оның сапасы, фактурасы және әрине, түс гаммасы табиғи түрде интерьер идеясын толықтырып және реңдендіріп тұруы қажет.

«Біздің дизайнерлеріміз Сізге аңсаған арамандарыңызға жетуге көмектеседі. Орындаудың үлкен сапасы, Сіздің перде, жапқыш және жастықтар кешеніңіздің әдемілігі мен әсемдігі сізге әр күн қуаныш сыйлайтын болады және біз сізді ұзақ жылдарға өзіміздің тапсырыс берушіміз, әріптесіміз және досымыз болады деп үміттенеміз!»
Сіздің «Евротекстиліңіз»

Куәліктер

       

       

       

 

Марапаттар